Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні 1наурыз Сейсможаттығу » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні 1наурыз Сейсможаттығу
15
март
2017

Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні 1наурыз Сейсможаттығу

1 - наурыз күні әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс күні атап өтіледі. Бұл мереке әлемдегі сан алуан елдердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты Азаматтық қорғаныс пен Төтенше жағдайлар (АҚ пенТЖ) қызметтерін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады.

Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы (ХАҚҰ) 1931 жылы құрылған. Аталмыш ұйым көптеген жылдар бойы төтенше жағдай кезінде медициналық көмек көрсету жүйесін құру, білікті мамандар дайындау мен халықтың азаматтық қорғанысы саласында әлемдік елдердің күшін біріктіру саясатын жүргізіп келеді. Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы өз ресми атауын 1958 жылы алды. 1975 жылы осы ұйымның Жарғысы Біріккен Ұлттар ұйымының хатшылығында тіркелді. Қазіргі таңда ХАҚҰ Европа, Азия мен Африканың 70-ке жуық елін біріктіріп отыр. Төтенше жағдай саласында Қазақстан екі бірдей халықаралық ұйымының толыққанды мүшесі. Олар: Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы мен Нәубеттердің алдын алу жөніндегі Азия орталығы.

1997 жылдың 31қазанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Жарғысына кіру туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді. Қазақстанның ХАҚҰ құрамына кіруі халықаралық төтенше жағдайлар құрылымдарында, сондай-ақ Орталық Азиялық аймақтағы елдердің қорғаныс жүйесінде өз орнын алуға мүмкіндік берді. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қол қойылған ТЖ саласындағы халықаралық келісім шарттардың негізінде әртүрлі елдер мен халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізді.1996 жылдан бастап ТЖ министрлігінің мамандары түрлі халықаралық конференция, семинарларға қатысып келеді.

Қазіргі кезде қоршаған ортада түрлі өзгерістер мен толқулар сыр беріп жүр. Атап айтсақ, климаттың күрт өзгеруінен, табиғи және шикізат ресурстарын шектен тыс пайдаланудың салдарынан болатын түрлі апаттар, жаңадан шыққан түрлі жұқпалы аурулардың таралуы (құс, шошқа тұмауы, т.б)- осының барлығының қоршаған ортаға тигізер әсері орасан зор. Адам, табиғи және материалдық ресурстардың қауіпсіздігі мемлекет үшін басым бағыттардың бірі болғандықтан сақтандыру жүйесі күшейтіліп, төтенше жағдайларға ықпал ету қолға алынуда.

 
№53 мектеп-гимназиясы осы күнді де атап өттік. Мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бейсембай Н.С., Жиренбаева Жанар мен  мектеп менеджері Ерқасым Айжан, АӘД пән мұғалімі Асрандин Дәнекерлер жауапты болды. Барлық іс-шаралар жоғары дәрежеде өтті.Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күні 1наурыз Сейсможаттығу
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив