Қамқоршылық - адамгершіліктің белгісі
«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі»
Медеу ауданындағы №53 мектеп-гимназиясында 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында оқушылардың мектепке баруын қамтамасыз ету жөніндегі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында жоспар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету» атты жалпы республикалық қайырымдылық акциясы жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуда. Осындай ізгілікті іс-шаралардың өткізілуіне мектебіміздің директоры О.Айтуган басшылық жасап отыр.
«Мектепке жол» атты жалпы республикалық акциясы барысында бүгінгі таңда жомарттылығымен жәрдем берген «Үміт үйі» қоғамдық қоры көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасы балаларына 40 500 (қырық мың бес жүз) теңге 5 оқушыға портфель және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етті.Мектеп ұжымы және ата-аналар комитетінің төрайымдары әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 1
отбасыға 5000 (бес мың) теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті.
Мектеп әкімшілігі Алматы қаласы тұрғындарын, бизнес өкілдерін, кәсіпкерлерді, түрлі нысандағы кәсіпорын басшыларын, қоғамдық бірлестік пен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға қол ұшын созатын азаматтарды акцияға бей-жай қарамай, қолдау, көмек көрсетуге шақырамыз.
«Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» дегендей адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяу, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізімізді білдіріп, қолдан келген жәрдемімізді көрсетейік. Қайырымдылық жасау-адамзаттық борышымыз екенін ұмытпайық!
Медеу ауданы
№53 мектеп-гимназиясының
әлеуметтік педагогі
Усенбекова Ғалия Ердаулетқызы