Орта бiлiм беру саласында Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерін бекiту туралы » №53 мектеп, Алматы қ. | №53 Школа г. Алматы
Алматы қаласы
білім басқармасының
"№53 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 223-86-51
Есепші бөлімі:
+7(727) 223-86-51
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орта бiлiм беру саласында Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерін бекiту туралы
11
сентябрь
2018

Орта бiлiм беру саласында Алматы қаласы Білім басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер регламенттерін бекiту туралы

12.08.2016 редакциясында

Жарияланған: "Алматы Ақшамы" 22.10.2015 ж. № 128 (5162); "Вечерний Алматы" от 22.10.2015 г. № 127 (12964); "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 21.10.2015 ж.; Информационно-правовая система "Әділет" 21.10.2015 г.

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 3/542 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 08 қазанда № 1210 болып тіркелді

Орта бiлiм беру саласында Алматы қаласы Білім
басқармасы көрсететiн мемлекеттiк көрсетiлетiн
қызметтер регламенттерін бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуiрдегi  «Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуiрдегi № 179 «Орта бiлiм беру саласында жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы»  бұйрығынасәйкес Алматы қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет  регламенті;

2) «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет  регламенті;

3) «Негiзгi орта, жалпы орта бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет  регламентібекітілсін.

2. Алматы қаласы Бiлiм басқармасы осы қаулыны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеудi, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары З. Аманжоловаға жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Алматы қаласының әкімі                                                                Б. Байбек

 

 

 

 

 

 

Алматы қаласы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 3/542 қаулысымен бекiтiлдi

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм
берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары
бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар
қабылдау және оқуға қабылдау»мемлекеттiк
көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. Осы «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi(бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179  бұйрығыменбекітілген «Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – Стандарт) негізінде әзірленді.

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн бағдарламалары бойынша оқыту үшiн ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Алматы қаласының бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдары арқылы көрсетiледi (бұдан әрi – көрсетiлетiн қызметтi берушi).

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) www.egov.kz «электрондық үкiмет» веб-порталы (бұдан әрi – ЭҮП) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: электронды, қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн ұсыну нысаны: электронды, қағаз түрiнде.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн қағаз жеткiзгiште алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде нәтижесi қағаз жеткiзгiште ресiмделедi.

ЭҮП арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiне» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында бiлiм беру ұйымына қабылданғаны туралы хабарлама келедi.

4. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрi - көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

5. Осы Регламентте қолданылатын түсiнiктер мен қысқартулар:

1) автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО);

2) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН);

3) ақпараттық жүйе (бұдан әрi - АЖ) – аппараттық-бағдарламалық кешендi қолдану арқылы ақпаратты сақтау, өңдеу, iздестiру, тарату, жеткiзу және тапсыру үшiн арналған жүйе;

4) бiрыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе (бұдан әрi – БНАЖ) – бұл нотариалдық қызметтi автоматтандыруға, әдiлет және нотариалдық палаталар органдарының өзара-әрекеттестiгiне арналған аппаратты-бағдарламалық жүйе;

5) ЖАО АЖ – жергiлiктi атқарушы орган ақпараттық жүйесi;

6) ЖАО - жергiлiктi атқарушы орган – мемлекеттiк қызметтi тiкелей көрсетушi «Алматы қаласы Білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттiк мекемесi;

7) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) – жеке тұлғаға, соның iшiнде жеке кәсiпкерлiк сипатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке кәсiпкерге арнап қалыптастырылған бiрегей нөмiр;

8) ЖТ ММБ - «Жеке тұлғалар» мемлекеттiк мәлiметтер базасы;

9) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бiрiктiрiлген ақпараттық жүйесi (бұдан әрi – ХҚКО АЖ) – тұрғындарға қызмет көрсету үдерісiн Қазақстан Республикасының халыққа (жеке және заңды тұлғаларға) қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

10) электрондық құжат – ақпаратты электронды-сандық үлгiде тапсыратын және ЭЦҚ куәландырылған құжат;

11) электрондық мемлекеттiк қызмет – ақпараттық технологияларды қолдану арқылы электрондық үлгiде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет;

12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi - ЭЦҚ) — электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың анықтығын, оның қатыстылығын және мазмұнының өзгермейтiндiгiн растайтын электрондық сандық символдар жиынтығы;

13) «электрондық үкiмет» шлюзі (бұдан әрi - ЭҮШ) – электрондық қызметтердi жүзеге асыру аясында «электрондық үкiмет» ақпараттық жүйесiн бiрiктiру үшiн арналған ақпараттық жүйе;

14) «электрондық үкiметтiң» аймақтық шлюзi (бұдан әрi - ЭҮАШ) – электрондық қызметтердi iске асыру аясында «электрондық әкiмдiк» ақпараттық жүйелерiн бiрiктiруге арналған «электрондық үкiмет» шлюзiнiң қосалқы жүйесi.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiнқызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң(қызметкерлерiнiң)
iс-әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

6. Көрсетiлетiн қызметтi берушi арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыдан мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн Стандарттың  9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды алу мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмдi (iс-әрекеттi) бастауға негiз болып табылады.

7. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерiсiнiң құрамына кiретiн рәсiмдер (iс-әрекеттер):

1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен құжаттарды қабылдау және өтiнiштi тiркеу, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру, рәсiмнiң ұзақтығы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн:

оқудың күндiзгi және кешкi нысанына – 30 тамыздан кешiктiрмей;

бiрiншi сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында.

8. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасымен көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінішті және құжаттарды ұсынуы;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi
берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң)
өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы

9. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет үдерiсiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi:

мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) арасында өзара әрекет тәртiбiнің сипаттамасы:

1) мемлекеттiк қызметтi көрсетуге қатысты құжаттарды қабылдайтын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты тұлғасы өтiнiшті мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi тiркеу журналына тiркеудi жүзеге асырады, құжаттарды қабылдау кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға Стандартқа  2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi, рәсiмнiң ұзақтығы - 15 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың  9 тармағына сәйкестiгiн тексередi, ұсынылған құжаттарды тексерiп, талдау жасағаннан кейiн жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық шығарады, рәсiмнiң ұзақтығы - бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн:

оқудың күндiзгi және кешкi нысанына - 30 тамыздан кешiктiрмей;

бiрiншi сыныпқа - 1 маусым мен 30 тамыз аралығында.

11. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызмет берушiге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгiнген кезде - қолхат алу үшiн бес жұмыс күнi;

бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiм беру ұйымына қабылдау үшiн:

оқудың күндiзгi және кешкi нысанына - 30 тамыздан кешiктiрмей;

бiрiншi сыныпқа - 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

12. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес  демалыс және  мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбi - жұма аралығында, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ға дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретi, толық сипаттамасы құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің  1 қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiлген.

4. Өзара әрекет тәртiбiнің, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету
процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнің сипаттамасы

14. Көрсетілетін қызметті алушы ЭҮП арқылы жүгiнген кезде көрсетiлетiн қызметтi алуышының жеке басын растайтын құжаттың, баланың туу туралы куәлiгiнiң (егер 2008 жылдан кейiн туылса) деректерi туралы мәлiметтердi «электронды үкiмет» шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭҮП арқылы жүгiнген кезде «жеке кабинетiне» ЭЦҚ-мен расталған электронды құжат нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұратудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.

15. ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлген қызмет берушi мен көрсетiлген қызмет алушының өтiнiш жасауы және рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнің сипаттамасы:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және пароль арқылы ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады);

2) 1 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк қызметтi алу үшiн ЖСН мен парольдi ЭҮП енгiзу үдерiсi (авторизациялау үдерiсi);

3) 1 шарт – ЭҮП тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы жайлы мәлiметтердiң түпнұсқалылығын ЖСН мен пароль арқылытексеру;

4) 2 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде бұзылушылықтардың болуына байланысты ЭҮП авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

5) 3 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдауы, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн экранға тапсырыс үлгiсiн шығару және көрсетiлетiн қызметтi алушының құрылымы мен нысандық талаптарын ескере отырып, үлгiнi толтыруы (мәлiметтердi енгiзу), тапсырыс үлгiсiне Стандарттың 9 тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттардың көшiрмесiн электронды түрде тiркеу, сонымен қатар тапсырысты растау үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ тiркеу куәлiгiн таңдауы;

6) 2 шарт – ЭҮП ЭЦҚ-дың тiркеу куәлiгiнiң жарамдылық мерзiмiн және қайтарылып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерi тiзiмiнде болмауын, сонымен қатар жеке сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгiн (тапсырыста көрсетiлген ЖСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында) тексеру;

7) 4 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ расталмауына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 5 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн тапсырысты куәландыруы және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өңдеуi үшiн ЭҮШ арқылы АЭҮШ АЖО-на электронды құжатты (тапсырысты) жiберу;

9) 6 үдерiс – электронды құжатты АЭҮШ АЖО-на тiркеу;

10) 3 шарт – тапсырыс берушiнiң көрсетiлетiн қызметтi алушымен қоса берiлген Стандарттың  9 тармағында көрсетiлген құжаттарын және мемлекеттiк қызмет көрсету негiздемелерiн көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң тексеруi (өңдеуi);

11) 7 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарында бұзылушылықтардың болуына байланысты тапсырыс берiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

12) 8 үдерiс – көрсетiлетiн қызметтi алушының АЭҮШ АЖО қалыптастырылған мемлекеттiк қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi қолхат) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптасады, көрсетiлетiн қызметтi алушы ЖСН және парольдiң көмегiмен ЭҮП тiркеудi жүзеге асырады (ЭҮП-да тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн жүзеге асырылады).

16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара әрекеттестiгiнiң диаграммасы осы Регламенттiң  2 қосымшасында көрсетiлген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта
бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн
бағдарламалары бойынша оқыту үшiн
ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
1 қосымша

Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығы

 

 

«Бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта
бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн
бағдарламалары бойынша оқыту үшiн
ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан, бiлiм беру ұйымдарына
құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне
2 қосымша

ЭҮП арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге
тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердiң
функционалдық өзара әрекеттестігінің диаграммасы

 

 

 

 

 

 

 

 

<
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив